jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Түркияда жаңа жер сілкінісінен кейін 3 адам мерт болып, 200-ден астам тұрғын зардап шекті (видео)

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Түркияда жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Кеше Түркияның Хатай провинциясында тағы да магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан үш адам қайтыс болып, тағы 213 адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости басылымының Түркияның ІІМ Сүлеймен Сойлуға сүйене отырып хабарлауынша, жер сілкінісі арасындағы интервал бар болғаны бірнеше минутты құраған.

"Үш адам қайтыс болып, 213 адам ауруханаға жеткізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары үш жерде жүргізіліп жатыр. 42 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығы бойынша тексеру жүргізілді. 39 хабарлама бойынша бәрі дұрыс екені белгілі болды, яғни қиын жағдай орын алмаған", - деп түсіндірді Сойлу.

Euronews басылымының хабаралуынша, жер асты дүмпулері Мысыр, Израиль, Кипр, Ливан және Сирияда да сезілген. Осыған байлайнысты ел билігі цунами қаупі бар екенін айтып, тұрғындарды теңіз жағасына бармауға шақырды. Мамандардың пікірінше, қазіргі болып жатқан жер сілкіністерін афтершок деп атауға болмайды, сол себепті жер асты дүмпулері тағы да жалғасуы мүмкін.

Ал, "Анадолу" агенттігі Сирияда жерасты дүмпулерінің салдарынан бірнеше ғимарат құлағанын мәлімдеді. Сол сияқты Ливанда жерасты дүмпулері елдің барлық аймақтарында, тіпті ел астанасы - Бейрутта да сезілгені анықталды.

Түркиядағы ТЖ салдарын жою басқармасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен кейін 32 афтершок қайталанған. Сонымен бірге орын алған жер сілкінісі салдарынан Искендерунда үш қабатты ғимарат құлап, Антакьяда тағы екі құрылыс құлап түскен. Сондай-ақ әлеуметтік желіде жер сілкінісінің салдары көрсетілген, бейнежазбалар пайда болды.

Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкісінен соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты.

Түркияда жаңа жер сілкінісінен кейін 3 адам мерт болып, 200-ден астам тұрғын зардап шекті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.