jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Жапония жағалауында диаметрі бір метрден асатын жұмбақ шар табылды

Шар
Фото: t.me/truekpru

Жапония полициясы Сидзуока префектурасының жағалауына кірер тұсты жауып тастады. Себебі онда диаметрі бір жарым метр болатын күмәнді шар табылды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Жапониялық Daiichi TV телеарнасының хабарлауынша, Сидзуока префектурасындағы Хамамацу қаласы Энсюхама жағалауында диаметрі 1,5 метрді құрайтын, күмәнді шар табылған. Алдын ала болжам бойынша ол қандай да бір металлдан жасалуы мүмкін.

Қазіргі таңда полиция жағажайды уақытша жапқан. Басылымның мәліметінше, шарды тұрғындардың бірі тауып, жергілікті уақыт бойынша 08:45-те полицияға хабарлаған (Астана уақыты бойынша 05:45-те).

"Жағажайға кіруге болмайды, аудандағы қозғалыс реттелуде. Бүгінгі күні оқиға орнына келген мамандар тексеріп жатыр. Шардың суреттері сарапшыларға да жіберілді", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге басылым басқа ақпарат әзірге түспегенін мәлімдеді.

Жапония жағалауында диаметрі бір метрден асатын жұмбақ шар табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.