Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сирияда 20 ақпанда болған жер сілкінісінің алдында аспанда көкшіл жарқыл байқалған (фото)

Опубликовано:

Түркиядағы Хатай қаласындағы жер сілкінісі
20 ақпан. Жер сілкінісінен кейін Түркияның Хатай қаласындағы құлаған үйлер. Фото: Chris McGrath/Getty Images

Сирияның мен Түркия тұрғындары 20 ақпанда екі елдің шекарасында болған жер сілкінісінің алдында аспаннан көкшіл жарқылды байқаған. Бұл сәттің фотолары мен видеолары желіде пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бұл құбылысты нақтырақ айтқанда Сирияның Латакия өңірі мен Түркияның шекара маңында орналасқан аудандарының тұрғындары көрген.

Басылым бұл құбылысқа қатысты Дамаск университетіне қарасты сейсмикалық зерттеулер жоғары институтының директоры Хала Хасан Sham FM радиосында жауап бергенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл көкшіл жарқылдың арнайы түсіндірмесі жоқ, дегенмен, жерасты дүмпуінің алдында атмосфераның электр және магнит өрісінде өзгерістер болады.

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) 20 ақпанда Хатай провинциясында магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын екі жер сілкінісі және ондаған афтершок тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісін Сирияның бірнеше провинициясының, Дамаск, Бейрут қаласының тұрғындары сезген. Сондай-ақ Дамаск, Бейрут тұрғындары РИА Новости-ге бұл жолғы жер сілкінісі де 6 ақпандағыдай қатты сезілгенін айтқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, қайталанған зілзала салдарынан Түркия мен Сирияда оннан аса адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010283-turkiya-men-siriyada-20-aqpanda-bolgan-zer-silkinisinin-aldynda-aspanda-koksil-zarqyl-paida-bolgan-foto/

pixel