АҚШ-та медицина қызметкерлері қайтыс болды деп ұйғарған ер адам тірі болып шықты
Жарияланған күні:
АҚШ-та фельдшерлер жүрек талмасынан кейін қайтыс болды деп ұйғарған ер адам тірі болып шықты. Оның тыныс алып жатқанын полицей байқаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ foxnews сайтына cілтеме жасап.
Оқиға Флорида штатының Клируотер қаласында болған.
65 жастағы ер адамның жүрек талмасы ұстап, оған көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасымен екі фельдшер келген. Біраз уақыттан кейін олар науқасты қайтыс болды деп танып, жергілікті полицейлер келген соң оқиға орнынан кетіп қалған.
Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің бірі ер адамның тыныс алып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары дереу құтқарушыларды шақырып, олар 28 минуттан кейін оқиға орнына жетіп, ер адамды ауруханаға жеткізген.
Науқас қайтыс болды деп ұйғарған жедел жәрдем қызметкерлері бұл жайттан кейін әкімшілік жұмысқа тартылған. Клируотер қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы болған жағдай үшін кешірім сұрады.
"Өрт сөндіру қызметінің бұл екі фельдшері азаматтарға лайықты кәсіби деңгейді қызмет көрсете алмады", - дейді бөлім бастығы.
Медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010352-aqs-ta-medicina-qyzmetkerleri-qaitys-boldy-dep-uigargan-er-adam-tiri-bolyp-syqty/