Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жойқын жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 42 мыңнан асты

Опубликовано:

Газиантептегі бейіт
Газиантептегі бейіт. Көрнекі фото: Celestino Arce/NurPhoto/Getty Images

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 мыңнан асқан. Бұл мәліметті Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) ресми сайтында жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, ТЖ салдарынан Кахраманмарашта, Газиантепте, Шанлыурфада, Диярбакырда, Аданада, Адыяманда, Османияда, Хатайда, Килисте, Малатья мен Элязыгада жалпы 42 310 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ жер сілкінісі болған аймақтардан 448 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

AFAD-тың хабарлауынша, қазір апат аймағында 14,7 мың құтқарушы мен 5,3 мың ерікті жұмыс істеп жатыр. Олар әлі күнге дейін үйінділер астынан адамдарды іздеуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияда зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 5,8 мыңнан асқан.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Зілзала көршілес Сирия мемлекетіне де әсер етті.

AFAD 20 ақпанда Түркияның Хатай провинциясында магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын екі жер сілкінісі және ондаған афтершок тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісін Сирияның бірнеше провинициясының, Дамаск, Бейрут қаласының тұрғындары сезген.

Соңғы деректерге сүйенсек, қайталанған зілзала салдарынан Түркия мен Сирияда оннан аса адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010357-turkiyada-zoiqyn-zer-silkinisinen-koz-zumgandar-sany-42-mynnan-asty/

pixel