Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісінен толық дерлік қираған қаланың әкімі ұсталды

Опубликовано:

Нұрдағы қаласының жер сілкінісінен кейінгі көрінісі
Жер сілкінісінен кейінгі Нұрдағы қаласы, Түркия. Фото: Ozgun Tiran/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияда құқық қорғаушылар 6 ақпанда болған жер сілкінісінен кейін бірде-бір ғимарат қалмаған Газиантеп провинциясындағы Нұрдагы қаласының мэрі Оккеш Кавакты ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Sozcu газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, 23 ақпан, бейсенбі күні Мерсінде жер сілкінісінен кейін құлаған үй құрылысына мердігерлік еткен Юнус Кая ұсталған. Сонымен бірге ол қалалық Кеңестің мүшесі, құрылыс комиссиясының қызметкері.

Тергеу барысында оның Нұрдагы қаласы мэрінің ағасына тиесілі компаниямен бірнеше ортақ жобалары бар екені де анықталды.

"Тергеу шаралары аясында Нұрдагы қаласының мэрі Оккеш Кавак ұсталды", – деп жазады басылым.

Жалпы Газиантепте жер сілкінісінен кейін қираған үйлердің жосықсыз құрылысына қатысты тергеуге байланысты 22 адам ұсталып, тағы 80 адамды қамауға алуға ордер берілгені атап өтілді.

Сонымен қатар жұма күні Нұрдагыда құрылыс жұмыстары басталды, мамандар 855 пәтердің іргетасын қалауға кірісті.

Бұған дейін Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толығымен жермен жексен етіліп, жойылатыны хабарланған болатын. Қала 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қатты зардап шекті. Кейін қала қайтадан тұрғызылатыны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010874-turkiyada-zer-silkinisinen-tolyq-derlik-qiragan-qala-akimi-ustaldy/

pixel