jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Италия жағалауындағы қайықтың апатқа ұшырауы: қаза тапқандар саны 59-ға жетті

Cу бетіндегі кеме. Көрнекі сурет
Cу бетіндегі кеме. Көрнекі сурет: pixabay.com

Италиялық қаланың жағалауында болған қатты дауылдан қирап қалған қайықта отырған 59 мигрант қаза тапқан деп танылды, деп хабарлайды BBC.

Кеме жағалауда орналасқан Италияның Калабрия өңіріндегі Кротоне қаласының маңына тоқтамақ болған кезде қираған. Тірі қалғандардың сөзінше, бортта кем дегенде 150 адам болған.

Салдарынан 59 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапқан. Оқиға орнына барған Италия ІІМ басшысы Маттело Пьянтедози 30-ға жуық адамды із-түзсіз жоғалды деп санауға болатынын жеткізді. Оның ішінде туғанына бірнеше ай ғана болған жаңа туған сәби де бар, деп хабарлайды ANSA.

Кротоненің жағалау күзеті 80 адам тірі табылғанын жеткізді. Олардың бірі мигранттар саудасымен айналысқан деген айыппен қамауға алынған, деп мәлім еткен кедендік полиция. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген.

Мигранттар мінген кеме Түркиядан бірнеше күн бұрын шыққан. Оның ішінде Ауғанстан, Пәкістан, Сомали мен Иран тумалары болған. Италия президентінің сөзінше, олардың барлығы өз еліндегі күрделі ахуалдан қашып келген.

Италия жағалауындағы қайықтың апатқа ұшырауы: қаза тапқандар саны 59-ға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.