jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркияның шығысындағы жер сілкінісі: ғимараттар қирап, ондаған адам жарақат алды (видео)

Малатьядағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
Малатьядағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Фото: Selami Kucukoglu/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияның табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Малатья қаласында болған жер сілкінісі салдарынан бір адам қаза тауып, 69 адам зардап шеккенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздегі мәлімет бойынша өкінішке қарай, жер сілкінісі салдарынан бір азаматымыз қайтыс болып, түрлі дене жарақатын алған 69 адам ауруханаға жеткізілген", – дейді Юнус Сезер брифингте.

AFAD өзінің Twitter-дегі аккаунтында хабарлағандай, жер сілкінісі салдарынан 29 ғимарат қираған.

Айта кетейік, бүгін Түркияның шығысында, Малатья қаласынан 11 км жерде күші 5,2 балл болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі салдарынан үйлер опырылған. Қазіргі таңда төтенше жағдай аймағында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Түркияның шығысындағы жер сілкінісі: ғимараттар қирап, ондаған адам жарақат алды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.