Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның шығысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды (видео)

Опубликовано:

Малатья провинциясы
Малатья, Түркия. Көрнекі фото: Chris McGrath/Getty Images

Түркияда бүгін, 27 ақпанда магнитудасы 5,2 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісі 449 мың тұрғыны бар Түркияның Шанлыурфа қаласынан солтүстік-батысқа қарай 128 км жерде және 441 мың тұрғыны бар Малатья қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде болған.

Жер асты дүмпуі ошағы 5 км тереңдікте.

Интерактивті карта
Интерактивті карта. Скриншот: Еmsc-csem.org

Ал AFAD табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы сайтының хабарлауынша, жер сілкінісінің күші 5,6 балды құраған.

Жерасты дүмпуінің ошағы - Малатья провинциясына қарасты Ешильюрт қаласының маңында 6,9 км тереңдікте орналасқан.

РИА Новости-дің мәліметінше, Түркияның вице-президенті Фуат Октай өзінің Twitter-дегі парақшасында жер сілкінісі салдарынан екі адамның зардап шеккенін хабарлаған.

AFAD-тың дерегінше зілзала салдарынан қираған үйлер бар. Қазіргі таңда апат аймағында құтқаушылар жұмыс істеп жатыр.

Anadolu агенттігінің елдің ұлттық білім министрі Махмут Озерге сілтеме жасап хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан Малатьяда, алдын ала мәлімет бойынша 22 тұрғын үй қирап, 20 адам зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011018-turkiyanyn-sygysynda-52-baldyq-zer-silkinisi-boldy/

pixel