Түркия жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Жарияланған күні:
Түркияның оңтүстік-шығыс жағалауында Жерорта теңізіндегі Искендерун шығанағында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасына (AFAD) сілтеме жасап хабарлауынша, жерасты дүмпулері Түркияның Хатай провинциясында сезілген.
"Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 23:49-да тіркелді. Дүмпу 5,39 км тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізіндегі Искендерун шығанағында болды", – делінген хабарламада.
Жергілікті биліктің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы болмаған.
Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, мыңдаған адам үйінді астында қалды.
Жексенбі, 5 наурыз күні Түркия билігі бір ай бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жуықтағанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011932-turkiya-zagalauynda-45-baldyq-zer-silkinisi-boldy/