jitsu gif

Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай Халық Республикасының басшысы болып сайланды

Си Цзиньпин
Си Цзиньпин. Фото: Feng Li/Staff/Getty Images

Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай Халық Республикасының басшысы болып қайта сайланды. Сайлау бүгін таңертең пленарлық отырыста жасырын дауыс беру арқылы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ) депутаттары бүгін бірауыздан Си Цзиньпинді ҚХР төрағасы қызметіне қайта сайлады.

Осылайша, ол үшінші бес жыл мерзімге сайланған ел тарихындағы Қытайдың бірінші төрағасы болды.

Сондай-ақ бүгін Си Цзиньпин Қытайдың Орталық әскери кеңесінің (ОӘК) басшысы болып қайта сайланды.

Агенттіктің хабарлауынша, Си Цзиньпин алғаш рет 2013 жылдың наурыз айында Ху Цзиньтаоның орнына ҚХР төрағасы болып сайланған болатын. Екінші рет бес жылдық мерзімге ол 2018 жылдың наурызында сайланды.

Еске салайық, былтыр қазан айында Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы болып қайта сайланған еді.

Британ энциклопедиясы сайтының мәліметінше, Си Цзиньпин 1953 жылы Қытайдың Шэньси провинциясының Фупин қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Си Чжунсюнь Мао Цзэдунның жақтасы болған, сондай-ақ бір кездері Қытай премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай Халық Республикасының басшысы болып сайланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.