Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Газ тарифтерінің жеті есеге дейін өскеніне ашуланған Молдова халқы жаппай көшеге шықты

Опубликовано:

Молдовада шеруге шыққандар
12 наурыз Молдавадағы Кишинев қаласында өткен митинг. Фото: Diego Herrera Carcedo/Anadolu Agency via Getty Images

Молдовадағы Кишинев қаласында шеруге шыққандар үкімет үйіне басып кіруге әрекеттенген. Полиция бұл арандатушылықты ресейлік арнайы қызмет ұйымдастырды деп күдіктенеді, деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Басылымның мәліметінше, 12 наурызда Кишинев орталығында "Шор" партиясы ұйымдастырған жаппай наразылық акциясы өтті. Митингке қатысушылар үкіметтен жылу маусымы үшін коммуналдық төлемдерді төлеуді және Молдовада соғыстың алдын алуды талап етті. "Шор" партиясы төрағасының орынбасары Марина Таубер акцияға қатысушылар үкіметтен қыс айларының коммуналдық төлемдерін өтеу бойынша 24 сағат ішінде жауап берсін деген талап қойған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Молдовада энергия бағасының өсуіне байланысты энергетикалық дағдарыс өтуде. Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылы газ тарифтерінің бағасы жеті есеге жуық, ал электр қуаты төрт есеге жуық өскен.

Энергия ресурстарының қымбаттауы тұрғындардың коммуналдық қызметке қарызын көбейтуде. Мамандардың айтуынша, өткен қарашадан бері Кишиневте қарапайым тұтынушылардың газ қолдану бойынша қарызы жеті есеге өскен.

Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, Молдова полициясы Бас комиссариатының басшысы Виорел Чернаутану ресейлік арнайы қызметтерді оппозиция наразылықтары кезінде тұрақсыздандыру әрекеттерін дайындады деп айыптады.

Сондай-ақ Чернаутану Ресей өкілінің жетекшілігімен осы мақсатта арнайы дайындықтан өткен 7 адамның ұсталғаны туралы хабарлады. Полицияға барлығы 25 күдікті жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2012602-moldovada-zappai-narazylyq-akciyasy-otti-foto-video/

pixel