jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Рамзан Қадыров өзінің 20 жастағы қызын лауазымды қызметке тағайындады

Хутмат Қадырова
Хутмат Қадырованы жаңа қызметінде таныстыру сәті. Фото: t.me/AdamAlkhanovR95

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы қызы Хутмат Қадырова Шешенстанның денсаулық сақтау жүйесіне жетекшілік ететін болады. Бұл туралы елдің үкімет төрағасының орынбасары Адам Алханов Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хутмат Қадырова бұған дейін Шешенстан басшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

"Шешенстан Республикасы басшысының тапсырмасы бойынша бұдан былай Хутмат Рамзанқызы Шешен Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жетекшілік ететін болады. Біз ол жетекшілік еткен оңалту қызметі сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін көріп отырмыз, енді Хутмат Қадырова білімі мен тәжірибесін медицинаның барлық саласының дамуына жұмсайды деген үміттеміз", - деп жазды Адам Алханов.

Сонымен қатар ол Хутмат Қадырова жетекшілік ететін Шешенстанның денсаулық сақтау саласын мол табыстар мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұрғанына сенім білдірді.

РИА Новостидің мәліметінше, Рамзан Қадыровтың үлкен екі қызы да республикада басшылық қызметтер атқарады.

Айшат Қадырова 2021 жылы Шешенстанның Мәдениет министрі болып тағайындалса, ал Хадижат Қадырова Грозный қаласы әкімдігінің мектепке дейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі.

Рамзан Қадыров өзінің 20 жастағы қызын лауазымды қызметке тағайындады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.