jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бішкек маңында кірпікшешеннің ерекше түрі видеоға түсіп қалды

жайра
жайра. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстан тұрғындары бірер күн бұрын Қой-Таш ауылының маңында кірпікшешеннің бір түрі - жайраны видеоға түсіріп алған. Оқырмандар видеоны 24.kg сайтына жолдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің хабарлауынша, жайра жол бойымен жүгіріп өтіп бара жатқан. Оны видеоға түсіріп алу үшін жолаушылар көліктің жылдамдығын бәсеңдеткен.

Сонымен қатар агенттік Қырғызстанда жайра - жойылып кету қаупі төнген сирек кездесетін кеміргіштердің санатына жататынын атап өтті.

Олар інін тастың қуысына, өзен бойындағы биік жарға салады. Бұндай жануарлар Қырғыз жотасының етегінде, Талас алқабында мекендейді.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында тұрғындар елімізде сирек кездесетін аң - итаюды (медоед) видеоға түсіріп алған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.