jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"37 қабаттан тұрады": Қырғызстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ қонақ үй салынуда

қонақ үй
Қонақ үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда 37 қабатты қонақ үй салынуда. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Садыр Жапаровтың сөзінше, ол елде бес жұлдызды қонақ үй салу үшін инвесторларды Бішкекке шақырған.

Сондай-ақ қырғыз президенті бес жұлдызды қонақ үй салуға ниет білдіргендерге жер берілетінін, олар 5 жылға дейін кейбір салық түрлерінен босатылатынына уәде берген.

"Соның негізінде инвесторлар келді. Олардың арасында Хабиболла Әбдуқадыр (бизнесмен - ред.) да болды. Біз бұл инвесторларға жер берген жоқпыз. Олар жерді, бұрынғы Нарын мейрамханасының орнын сатып алып қойған. Сөйтіп, ол жерге бес жұлдызды қонақ үй сала бастады.

Құны 321 миллион доллар болатын 37 қабатты қонақ үйдің құрылысы басталды. Мұндай ең биік ғимарат бірінші рет салынғалы жатыр. Екі жылда бітіреміз деді", - дейді Садыр Жапаров.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті ғимарттың құрылыс аяқталғаннан кейін 2100 тұрақты жұмыс орны ашылып, қонақ үй туристер келетін мекенге айналатынын атап өтті.

"37 қабаттан тұрады": Қырғызстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ қонақ үй салынуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.