jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Құны 1,5 млн теңге": Жириновскийдің қызыл пиджагы аукционға қойылды (фото, видео)

Владимир Жириновский
Владимир Жириновский оң жақта. Фото: John Macdougall / AFP / Getty Images

Ресейдің марқұм саясаткері Владимир Жириновский киген қызыл пиджак аукционға қойылды. Лот "Лифтфонда" сайтында пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аукцион үйінің сайтында қызыл пиджак Ресей либерал-демократиялық партиясының негізін қалаушы әрі төрағасы Владимир Жириновскийге тиесілі екені жазылған.

Сондай-ақ саясаткердің бұл пиджакті мемлекеттік думаның отырыстарына қатысқанда кигені айтылған.

353 нөмірі берілген лоттың құны 250 мың рубльді (1,5 миллион теңге) құрап отыр.

Аукционға қойылған қызыл пиджак
Аукционға қойылған қызыл пиджак. Скриншот: litfund.ru

"Киілгені байқалады, бірақ әлі тозбаған, сапасы жақсы. Ұсынылған лотты Владимир Владимирович Жириновский 2014 жылғы мамырда "Политика" телебағдарламасының эфирінде тележүргізуші Александр Гордонға сыйлаған", - делінген лот жазбасында.

Еске сала кетейік, Владимир Жириновский ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін 2022 жылдың сәуір айында өмірден өтті.

"Құны 1,5 млн теңге": Жириновскийдің қызыл пиджагы аукционға қойылды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.