jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Эквадорда күшті жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар (видео)

Эквадордағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
Эквадордағы жер сілкінісі. Фото: Dario Ordonez/Anadolu Agency/Getty Images

Кеше, 18 наурыз күні Эквадор жағалауында күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің салдарынан адамдар қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сондай-ақ бірнеше жүздеген зардап шеккендердің бары туралы хабарланды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, кеше, яғни жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:12-де (Астана уақытымен 23:12) Эквадор жағалауында магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі болды.

Кейінірек ел президенті Гильермо Лассоның баспасөз қызметі Twitter-де жер сілкінісінің күші 6,5 балл болғанын хабарлады.

РИА Новостидің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап хабарлауынша, жер асты дүмпулері салдарынан кемінде 14 адам қаза тапқан. Тағы 381 тұрғын жарақат алған.

Жер сілкінісі елдің бірнеше провинциясында бірден сезілгені атап өтілді.

Эквадорда күшті жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.