Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 наурызда Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісінен оннан астам адам қаза тапты

Опубликовано:

Пәкістандағы Пешавара қаласының тұрғындары
Пәкістандағы Пешавара қаласының тұрғындары. Фото: Hussain Ali / Anadolu Agency / Getty Images

Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты. Олардың арасында балалар да бар.

АҚШ геологиялық барлау қызметінің ақпаратынша, магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі Ауғанстандағы Джурм қаласынан оңтүстік-шығыста 40 километр жерде болған, деп хабарлайды CNN.

Ауғанстанның Табиғи апаттардың салдарын жою министрлігінің баспасөз хатшысы Шафиулла Рахимидің хабарлауынша, зілзаладан елдің солтүстік-шығысындағы Лагман провинциясында кем дегенде екі адам қайтыс болған. Тағы сегіз адам жарақат алған.

Жер сілкінісі көршілес Пәкістанда да тіркелген. News газетінің биліктің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пәкістанда кем дегенде тоғыз адам қаза тапқан. Тағы 160-тан астам адам жарақат алған. Хайбер-Пахтунхва провинциясында қайтыс болғандардың бесеуі - ер адам, екеуі - әйел, тағы екеуі - бала.

Пәкістанда жер сілкінісін көзімен көргендер желіде оқиға орнынан кадрлар жариялады.

Сонымен қатар жер сілкінісі болған сәт жергілікті Mahshriq TV телеарнасының тікелей эфиріне де түсіп қалған.

Айта кетейік, Ауғанстанда болған жер сілкінісі қазақстандықтарға да сезілді. Атап айтқанда, елдің оңтүстігіндегі Шымкент, Тараз, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда облыстарында жер сілкінісі тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2013763-21-nauryzda-auganstan-aumagynda-bolgan-zer-silkinisinen-11-adam-qaza-tapty/

pixel