Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде қорғаныс министрі жұмыстан босатылғаннан кейін жаппай наразылықтар басталды (видео)

Опубликовано:

Израильдегі наразылық
Израильдегі наразылық. Фото: Ahmad Gharabli/AFP via Getty Images

Израильде жаңа сот реформасына наразылық шерулері бірнеше айдан бері басылмай келеді. Қорғаныс министрі Йоав Галанттың отставкаға кеткені жарияланғаннан кейін халық қайтадан көшеге шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

26 наурызда Израиль қорғаныс министрі Йоав Галанттың қызметінен босатылғаны премьер-министр кеңсесінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды DW.

Осыдан аз уақыт бұрын Галант Нетаньяху үкіметі көтерген сот реформасын ашық сынаған болатын. Заң шығару бастамасы елде жаппай наразылық тудырды және бұл шерулер бірнеше айдан бері жалғасып келеді.

Басылымның жазуынша, 25 наурызда Галант ел үкіметін ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін сот реформасын тоқтатуға шақырған.

Йоав Галант
Йоав Галант. Фото: Lev Radin/Pacific Press/LightRocket via Getty Images

"Ел ішіндегі бөліну Израиль қорғаныс армиясы мен қорғаныс құрылымдарына терең еніп кетті, бұл Израильдің қауіпсіздігіне айқын және маңызды қатер. Мен бұған жол бермеймін", – деп хабарлаған болатын сол кезде экс-қорғаныс министрі.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, осыдан кейін Нетаньяху Галантты өзіне шақырып, оған жеке өзіне "сенімді жоғалтқаны туралы" айтқан.

Галанттың өзі не дейді

EADaily Галанттың билеуші ​​коалиция қолдайтын заң шығару процесін тоқтатуға шақырған алғашқы Израиль министрі екенін көрсетеді.

Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Нетаньяхудың телеүндеуінен кейін бірден Галантты отставкаға жіберуге шақырды.

Галанттың өзі жұмыстан шығарылуына қатысты пікір білдіріп үлгерді. Ол үшін елінің қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын айтты.

"Израильдің қауіпсіздігі әрқашан менің өмірімнің миссиясы болды және болып қала береді", – деді бұрынғы қорғаныс министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2014114-izrailde-qorganys-ministri-zumystan-bosatylgannan-keiin-zappai-narazylyqtar-bastaldy-video/