jitsu gif

Шотландияның премьер-министрі ауызашардан соң жұмыс кабинетінде намаз оқыды (фото)

Хумза Юсаф жамағатпен намаз оқуда
Хумза Юсаф. Фото: twitter/HumzaYousaf

Шотландияның премьер-министрі болып сайланған Хамза Юсаф алғашқы жұмыс күнінде кабинетіне қонып, туыстарымен намаз оқыды. Бұл туралы ол Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, Хамза Шотландияның тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген пәкістандық саясаткер. Ол аталған мемлекетте премьер-министр қызметіне көтерілген алғашқы мұсылман саналады.

Хамза Юсаф парламенттің дауыс беруі нәтижесінде лауазымды қызметке сайланды. Ол елдегі билік партиясын да басқарады.

Жаңа премьер алғашқы жұмыс күнін кабинетінде туыстарымен өткізіп, ауызашардан соң резиденциясында намаз оқыды.

Ол бұл сәтті ерекше санайтынын айтқан.

37 жастағы Хамза Юсаф ұлттық партияның ең жас көшбасшысы саналады.

Шотландияның премьер-министрі ауызашардан соң жұмыс кабинетінде намаз оқыды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.