Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

37 жастағы саясаткер Черногорияны 30 жылдан бері басқарған Мило Джукановичті президент сайлауында жеңді

Жарияланған күні:

Яков Милотович ортада
Яков Милотович. Фото: Filip Filipovic/Getty Images

Черногориядағы президенттік сайлаудың екінші турынан кейін бұрынғы экономика министрі Яков Милатович басым дауыспен жеңіске жетті. Черногорияны қысқа үзілістермен 1991 жылдан бері басқарып келген президент Мило Джуканович қарсыласын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BBC-дің Орыс қызметі.

Черногория астанасы Подгорицада орналасқан Мониторинг және зерттеу орталығының (CEMI) мәліметінше, Милатович президент сайлауында 60 пайыздан астам дауыс жинаған.

37 жастағы Милатович Europe Now оңшыл қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, сондай-ақ қозғалыс жетекшісінің орынбасары.

Милатовичтің сайлау алдындағы уәделері: сыбайлас жемқорлықпен күресу, өмір сүру деңгейін жақсарту және Черногорияны Еуроодаққа қосу.

Жексенбі кешке елдің қазіргі президенті Мило Джуканович сайлауда жеңілгенін мойындап, Милатовичті жеңісімен құттықтаған.

"Черногориядағы президент сайлауы аяқталды. Черногория өз таңдауын жасады, мен оны құрметтеймін. Яков Милатовичке президенттік қызметінде сәттілік тілеймін. Егер оның қолынан келсе, Черногория табысты ел болады және алға қойған мақсатына қарай жылжи береді", - дейді Джуканович.

CEMI мәліметтері бойынша, сайлауға шамамен 70 пайыз сайлаушы қатысқан. Мемлекеттік сайлау комиссиясы дауыс беру кезіндегі бұзушылықтар туралы барлық шағым қаралғаннан кейін жақын күндері сайлаудың ресми қортындысын жариялайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Яков Джуканович саяси мансабы кезінде Черногорияны 2017 жылы НАТО-ға мүше болуға, сондай-ақ Еуропалық Одаққа кіруге үміткер мәртебесіне жетуге ықпал етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2015106-37-zastagy-sayasatker-cernogoriyany-30-zyl-basqargan-milo-dzukanovicti-prezident-sailauynda-zendi/