"Бірінші болып Ердоған иеленді": түріктер ел тарихындағы алғашқы электрокарды құрастырып шықты (фото)
Жарияланған күні:
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған түріктер құрастырған Togg T10X электр көлігінің алғашқы иесі атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Көлік кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі Анкарадағы президент кешенінде өткен.
"Бүгіннен бастап біз жолдарда Togg-ты көретін боламыз", – дейді Түркия басшысы шарада сөйлеген сөзінде.
Ердоғанның айтуынша, ел тарихындағы алғашқы электромобильді әзірлеу және құрастыру, сонымен қатар оның бүгінгідей деңгейге жетуі мемлекеттің технологиялық және экономикалық дамуын, әлемдік аренадағы беделін көрсетеді.
Бұл ретте ол Togg-тың Түркияда ғана емес, бүкіл әлемдегі автокөлік әуесқойларының арасында танымал болатынына сенім білдірді.
Салтанатты шараға Түркия президентінің жұбайы Эмине Ердоған да қатысты.
Агенттіктің мәліметінше, Togg T10X түрік электромобильінің алғашқы сериялық моделін сатып алуға өтінім қабылдана басталғалы бері алдын ала 177 467 тапсырыс түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2015434-birinsi-bolyp-erdogan-ielendi-turikter-el-tarixyndagy-algasqy-elektrokardy-qurastyryp-sygardy-foto/