Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Супермаркеттегі кейбір йогурттарды "харам" деп айтқан блогер 15 тәулікке қамалды

Жарияланған күні:

Блогер Ходжиакбар Носиров
Блогер Ходжиакбар Носиров. Видеодан кадр: t.me/activist_uz

Өзбекстандық блогер, Activist жобасының негізін қалаушы Ходжиакбар Носиров 15 тәулікке қамауға алынды. Ол желді жариялаған видеода кейбір йогурттардың құрамында кармин бар болғандықтан оларды "харам" деп атаған. Ташкент қалалық ІІБ блогер бұл ақпаратты "сарапшылардың пікірінсіз, жеке діни көзқарасына негіздеп" айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ gazeta.uz порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 5 сәуірде блогер өзінің Telegram-дағы арнасында йогурт өнімдері туралы видео жариялаған.

Ол интернеттегі дереккөздерге сілтеме жасап, супермаркеттен сатып алынған йогурттың бірнеше түрінің құрамында кармин (Е120) болуына байланысты "харам" (мұсылмандарға тыйым салынған тағам) деп атаған.

Сонымен қатар ол көрермендерді бұл өнімдерді тұтынбауды, тұтыну алдында өнімнің жарамдылық мерзімін ғана емес, құрамын да тексеруге шақырған.

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, видео авторы "тиісті сала мамандарының пікірін алмастан, жеке діни көзқарасына негізделген" ақпарат берген, деп жазады басылым.

"Конституцияның 25-бабына сәйкес, әркімнің бостандығы мен жеке басына қол сұғылмауына, сондай-ақ 27-бабына сәйкес жеке өміріне араласудан өзін қорғауына құқығы бар. Өзбекстан азаматтарының жоғарыда аталған кепілдіктерін бұзуға болмайды. Атап айтқанда, өз бастамасымен түрлі мәселе бойынша діни көзқарасын білдіру арқылы өзге адамдардың жеке өміріне араласуға жол берілмейді", - делінген ІІБ хабарламасында.

Басылым мәліметінше, тексеріс қорытындысы бойынша Ходжиакбар Носировқа қатысты Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік кодексінің 184-3-бабы және 194-бабы бойынша хаттама толтырылып, Шайхантаһүр аудандық соты блогерді 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2016278-supermarkettegi-keibir-iogurttardy-xaram-dep-aitqan-bloger-15-taulikke-qamaldy/