jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жерден 13 млрд қашықтықта": астрономдар телескоптың көмегімен ең кішкентай галактиканы тапты

Кішкентай галактика
Кішкентай галактика. Фото: ESA/Webb

Астрономдар James Webb телескобының көмегімен жерден 13 млрд қашықтықта орналасқан ең кішкентай галактиканың суретін алды. Бұл туралы Миннесота университеті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

"Алыс галактикаға бірінші рет жүргізілген бақылаулар өте әсерлі болды. Ғалам соншалықты жас болған кезде, біз ешқашан галактикаларды осылай әрбір бөлшегіне мән беріп көрген емеспіз", - дейді зерттеудің жетекші авторы Патрик Келли.

Басылымның дерегінше, кескін тікелей емес, гравитациялық линзаның көмегімен алынған.

Табылған галактиканың көлемі шамамен Құс жолы галатикасының көлемінің миллионнан бір бөлігін құрайды.

Ал сарапшылардың пікірінше, галактика жоғары және тұрақты жылдамдықпен жаңа жұлдыздардың пайда болуына кедергі келтірмейді.

Басылымының жазуынша, жас ғаламның галактикалары қазіргі заманғы галактикалардан айтарлықтай ерекшеленген.

Енді ғалымдар одан әрі бақылау жасау арқылы олардың нақты қалай орналасқанын зерттемек.

Айта кетейік, зерттеушілер ғарыштан күн массасынан 30 миллиард есе үлкен алып ойықты тапқанын жазған едік.

"Жерден 13 млрд қашықтықта": астрономдар телескоптың көмегімен ең кішкентай галактиканы тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.