jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен провинциясында жойқын дауыл тұрып, ондаған адам зардап шекті (видео)

Түркиядағы дауыл
Түркиядағы дауыл. Видеодан кадр: twitter.com/ATAISIK_

Ақпан айының басында бірқатар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын дауыл тұрды. Табиғи апат салдарынан 40 адам зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Nurriyet басылымына сілтеме жасап.

Түрік басылымының хабарлауынша, дауыл кезінде жер сілкінісінен кейін баспанасынан айырылған адамдар тұрып жатқан шатырлар қатты бүлінген.

Дауылдан кем дегенде 170 шатыр бүлінген, сондай-ақ 40 адам зардап шеккен, оның 8-інің жағдайы ауыр.

Оқиға орнына көптеген құтқару бригадасы жіберілген. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Провинция билігі төтенше жағдайдың салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын мәлімдеді. Ал провинция басшысы зілзаладан зардап шеккен азаматтар тұратын шатырлар қайта қалпына келтірілетінін айтты.

Сол арада әлеуметтік желіде дауылдан зардап шеккен провинцияның видеолары пайда болды.

Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен провинциясында жойқын дауыл тұрып, ондаған адам зардап шекті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.