jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ресей, Украина мен Беларусь тұрғындары солтүстік шұғыласын тамашалады (фото, видео)

Солтүстік шұғыласы
Солтүстік шұғыласы. Көрнекі сурет: @motolkohelp

Мәскеу, Қазан, Санкт-Петербург, сондай-ақ Украина мен Беларусь мемлекетіндегі бірқатар қала тұрғындары 23 сәуірден 24 сәуірге қараған түні аспанда солтүстік шұғыласын көрген. Тұрғындар түсірген видеолар мен суреттер желілерде тарады.

Солтүстік шұғыласы бейнеленген видеолар мен суреттер ресейлік, украиналық, беларусьтік Telegram-арналарда жариялануда. Видеолардан ерекше құбылыстың куәгері болған тұрғындардың таңданысын естуге болады.

Life.ru сайтының хабарлауынша, мамандар ерекше құбылыс жерге күн массасының көп әсер етуінен пайда болғанын айтты. Мәскеу мен Санкт-Петербургтен басқа, Тверь, Вологда, Қазан және Нижний Новгород тұрғындары, сондай-ақ солтүстік ендіктің 53 градусына дейін орналасқан басқа да қалалар бұл құбылыстың сұлулығын байқаған.

ТАСС Telegram-арнасы қолданбалы геофизика институтына сілтеме жасай отырып, қазіргі кезде жерде магниттік дауыл жүріп жатқанын хабарлайды.

"Жердің магнит өрісінің ұйытқу дәрежесі, ғарыштық ауа райы мониторингі деректері бойынша G4 деңгейіне дейін көтерілді. Бес индикаторлық шкала (G5) бойынша өте күшті, ең әлсіз деңгейі - G1 болып саналады.

G4 деңгейі жер бетіндегі байланысқа кедергі болады болжанып отыр. Сондай-ақ радиобайланыстағы спутниктік және радиожиілік навигациясының көп сағаттық бұзушылықтары тіркелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресейден бөлек, солтүстік шұғыласын Украина мен Беларусь тұрғындары да тамашалай алды.

Ресей, Украина мен Беларусь тұрғындары солтүстік шұғыласын тамашалады (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.