jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Суданда қауіпті аурулардың үлгілері бар зертхананы содырлар басып алды

Судандағы Хартум әуежайының үстінде қара түтін
Судандағы Хартум әуежайының үстінде қара түтін. Фото: AFP via Getty Images

Суданда содырлар полиомиелит, тырысқақ және қызылша сияқты қауіпті аурулардың үлгілері бар орталық мемлекеттік зертхананы басып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ДДҰ-ның Судандағы өкілі Нима Саид Абед қауіпті аурулардың үлгілері бар зертхананы қақтығыс тараптарының бірі басып алғанын хабарлады.

"Денсаулық сақтау жүйесінің орталық зертханасын басып алуға байланысты үлкен биологиялық қауіп бар", – деді ол.

Зертхана директоры содырлар зертхананы әскери базаға айналдырып жібергенін атап өтті.

"Бұл өте қауіпті, өйткені бізде зертханада полиомиелит, қызылша, тырысқақ үлгілері бар", – деп атап өтті Нима Саид Абид.

Еске салсақ, Суданда Мұхаммед Хамдан Дагало басқаратын Жедел қолдау күштері мен Судан армиясы арасында қақтығыс жүріп жатыр.

Суданда қауіпті аурулардың үлгілері бар зертхананы содырлар басып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.