Зеленский алғаш рет Украинадағы соғыс кезінде қайда және қалай тұратынын көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Украина президенті Владимир Зеленский журналист Дмитрий Комаровқа соғыс қимылдары кезінде қалай өмір сүріп жатқанын және кездесулер өткізетінін көрсетті, деп хабарлайды "Страна.ua" сайты "Жыл. Кадрдың сыртында" фильміне сілтеме жасап.
Украина президенті журналистке соғыс кезінде тұрып жатқан пәтерін көрсетті. Бөлмеде бір кісілік шағын төсек және массаж үстелі бар.
Сондай-ақ Зеленский Комаровқа гардеробын, спорттық аяқ киімін көрсетіп, күзетшілердің қарсы болғанына қарамастан көшеде спортпен айналысатынын айтты.
Бұл ретте басылым Банковада (Украина президентінің әкімшілігі орналасқан жерде) тренажерлер мен гантельдер орнатылған үлкен спорт залы барын жазады. 2019 жылы Зеленский сол жерден сурет жариялаған болатын.
Айта кетейік, Украина көшбасшысы жиналысты майдан шебіндегі аумақтарда жер астында өткізеді. Бұл кездесулерге қатысатындар барлық гаджеттерді тапсыруы керек. Сонымен, фильмде Николаев облысындағы "минус бірінші қабатта" өтетін жиналыстардың бірін көруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2018838-zelenskii-algas-ret-ukrainadagy-sogys-kezinde-qaida-zane-qalai-turatynyn-korsetti-video/