jitsu gif

БАҚ: Ердоған "Ислам мемлекетінің" көшбасшысы өлтірілгенін мәлімдеді

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Telegram/БОРТN1

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау қызметі "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған) тобының жетекшісі Абу Хусейн әл-Курашидің ізіне түсіп, өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BBC News басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, жиһадшыны құрту бойынша операция Сирияда сенбі күні өткен, ал бұған дейін түрік барлау қызметі MIT ұзақ уақыт бойы Курашидің қадамын бақылаған.

Reuters агенттігіне сілтеме жасаған сириялық ақпарат көзі аталған операция Сирияның солтүстігіндегі Джандарис қаласына жақын, Түркия шекарасының қасында жүргізілгенін хабарлады.

Өткен жылдың соңында "ИМ" Кураши көшбасшы ретінде тағайындалғанын хабарлаған; Бұған дейін аттас адам өлтірілген болатын.

Осы жылдың ақпан айында АҚШ арнайы күштері "Ислам мемлекетінің" бұрынғы басшысы Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курашидің жасырылған жерінің ізіне түскен. Атыстан кейін жиһадшы жарылғыш затты іске қосып, отбасы мүшелерімен бірге қаза тапты. Содан кейін АҚШ президенті Джо Байден осы операция кезінде "бүкіл әлемге төнген ең ауыр лаңкестік қауіп" жойылғанын айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.