jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркияда сайлау кезінде үш адам қаза тапты

Түркиядағы президент сайлауы
Түркиядағы президент сайлауы. Фото: Aytac Unal/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияның әр түрлі қаласындағы сайлау учаскелерінде кеше өткен сайлау кезінде үш адам қаза тапты. Тағы бір учаскеде сылақтың құлауы салдарынан адамдар зардап шеккен, деп хабарлайды TRT Haber.

Басылымның хабарлауынша, Ризе қаласында сайлау кезінде бақылаушы Шереф Куртта жүрек ұстамасы болған. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылып, 65 жастағы ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер Куртты аман алып қала алмаған.

Сонымен қатар басылым мәліметінше, Трабзон қаласында 75 жастағы Айсел Улусой туыстарымен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру кабинасында ауырып қалған. Ол ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған.

"Тағы бір қайғылы оқиға Гиресун қаласында болды. Мұнда 85 жастағы Исмаил Йылдыздың жүрегі ауырып қалған. Жедел жәрдем келген соң ер адам қайтыс болды",- деп жазады басылым.

Сондай-ақ Ыстамбұлда мектептегі сайлау учаскелерінің бірінде төбеден бірнеше сылақ құлаған. Екі бақылаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін де ғимаратта дауыс беру жалғасқаны айтылады.

Айта кетейік, Түркияда 14 мамырда өткен президент сайлауынан кейін дауыс санау аяқталуда. Сайлау нәтижесі бойынша қазіргі президент Режеп Тайип Ердоған көш бастап тұр, бірақ ол әлі 50 пайыз дауыс жинамағанын хабарлаған едік.

Түркияда сайлау кезінде үш адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.