Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкек маңындағы атыс: күштік құрылым қызметкерлері террористің көзі жойылғанын хабарлады (видео)

Опубликовано:

қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін таңертең Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының іргесіндегі Дмитриевка ауылында атыс болды. Елдің Ішкі істер министрлігінің өкілдері қарулы террористің көзі жойылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бүгін арнайы бөлім қызметкерлері қарулы террористі ұстау операциясын жүргізген. Ол қарулы қарсылық көрсеткен.

"Террористің көзі жойылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деп хабарлады Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Бішкек маңындағы Дмитриевка ауылында атыс болып жатқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ Бішкекке баратын жолдың жабылғаны белгілі болған еді.

Кейінірек оқиғаның жай-жапсары белгілі болды.

Басылым жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша Сириядағы соғыс қимылдарына қатысушы ретінде құқық қорғау органдарында есепте тұрған 33 жастағы У.Д. Шу облысында жасырынып жүрген. Бұған дейін ол басқа да қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

"Бүгін таңертең милиция қызметкерлері оны ұстауға әрекеттенген, бірақ ол сыбайластарымен бірге оқ ата бастаған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ басылымның Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, атыс кезінде екі адам зардап шеккен. Олардың бірі жарықшақ жарақатын алған, ол үйіне жіберілген. Екінші зардап шеккен азаматтың санына оқ тиген, оны дәрігерлер қарап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2020910-biskek-manyndagy-atys-kustik-qurylym-qyzmetkerleri-terroristin-kozi-zoiylganyn-xabarlady-video/

pixel