jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Испаниядағы футбол матчында адамдар кептеліп, кем дегенде 9 адам көз жұмды (видео)

Футбол
Көрнекі фото: pexels.com

Испанияның Сальвадор қаласындағы "Кускатлан" стадионында адамдар бір-бірімен кептеліп, кем дегенде тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Альянс" және ФАС клубтарының арасындағы кездесуде жанкүйерлер өз билеттерінің жалған екенін біліп, трибунаға басып кірмек болған. Осы сәтте ойын дереу тоқтатылды.

Ұлттық полиция директоры ойын алдында электронды билеттер қайта сатылғанын растап, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Жарақат алған жанкүйерлер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қайтыс болғандардан бөлек, екі адамның ауыр жағдайда жатқаны хабарланды.

Айта кетелік, футбол тарихында адамдардың кептелуі салдарынан ірі қайғылы жағдайға әкелген жайттар жиі кездеседі.

Атап айтар болсақ, 1989 жылдың 15 сәуірінде Шеффилдтегі "Хиллсборо" стадионында болған адамдар кептелісінен "Ливерпуль" клубының 96 жанкүйері көз жұмып, 766 адам жараланған болатын.

Испаниядағы футбол матчында адамдар кептеліп, кем дегенде 9 адам көз жұмды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.