jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы сайлаушылар дауыс беруге жануарлармен және құстармен келуде (видео)

Түркия тұрғыны дауыс беруге тотықұспен келді
Түркия тұрғыны тотықұспен бірге дауыс берді. Фото: Ali Bilge/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Ал елдің кейбір тұрғындары сайлау учаскелеріне өздерімен бірге жануарлар мен құстарды ала келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Радио Sputnik" сайтына сілтеме жасап.

Агенттік жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, Стамбұл тұрғынының сайлауға қозы алып келгенін жазады.

"Сарыер (Стамбул ауданы – ред.) тұрғыны сайлау учаскесіне жемпір кигізіп қойған қозысымен келіп дауыс берді. Қазір ол БАҚ-тағы ең танымал адам", – деп жазған басылым.

Эсеньюртта тұратын тағы бір сайлаушы Назим Джихан тотықұспен бірге сайлауға қатысты.

"Тотықұс азаматтар мен сайлау комиссиясы қызметкерлерінің назарында болды. Паша есімді тотықұсымен бірге жәшікке конвертті түсіргенде, айналасындағылар құсты қызыға тамашалады", – деп жазады басылым.

Сондай-ақ, агенттіктің хабарлауынша, Аданада жергілікті тұрғын дауыс беруге Өрмекші адам костюмін киіп келген. Түркияның Дюздже провинциясында Исмаил Чобан мен Озге Чобан есімді ерлі-зайыптылар үйлену тойындағы киіммен, ал Карсадағы тағы бір жұп кавказдық киіммен дауыс берген.

Сонымен бірге, РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенттігіне үміткерлер Кемаль Кылычдароғлы мен Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлауда дауыс берген.

Кылычдароғлы Анкараның Чанкая ауданындағы Аргентина мектебінде бірінші турда өзі дауыс берген сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Қазіргі президент Стамбұлдың Үскідар ауданындағы учаскеге келді.

Түркиядағы сайлаушылар дауыс беруге жануарлармен және құстармен келуде (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.