Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоғанның қарсыласы: Ең әділетсіз сайлау процесін бастан өткердік

Опубликовано:

Кемал Кылычдароглу
Кемал Кылычдароглу: Burak Kara / Getty Images

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоғанның қарсыласы болған оппозиционер Кемал Кылычдароглу кеше, 28 мамырда өткен сайлауды соңғы жылдардағы ең әділетсіз сайлау деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз соңғы жылдардағы ең әділетсіз сайлау процесін бастан өткердік", - дейді Кемал Кылычдароглу президент сайлауының екінші кезеңінен кейін Анкарадағы сөйлеген сөзінде.

Өз сөзінде Кылычдароглу қысымға ұшырағанын да айтқан.

Басылымның хабарлауынша, дегенмен оппозиция өкілі жеңілісін мойындайтынын немесе дауыс беру нәтижесіне қарсылық білдіретінін нақты айтпаған.

Бірақ саясаткер демократия үшін күресін жалғастыратынын мәлімдеген.

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі

Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті.

Себебі, 14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі жеңіске жетуге қажетті 50 пайыз дауысты жинай алмаған еді.

Екінші кезеңде қазіргі президент Режеп Тайип Ердоған мен алты оппозициялық партияның атынан сынға түскен кандидат Кемал Кылычдароглу қатысты. Айта кетейік, Кемал Кылычдароглу Түркия Республикасының тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік негізін қалаған Халықтық-республикалық партияны (РХП) басқарады.

Кейін Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоғанның жеңіске жеткенін хабарлады.

Сайлау қорытындысы бойынша Ердоған 52,14 пайыз дауыс, Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинаған.

Сол арада әлем көшбасшылары мен халықаралық ұйымдар Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтай бастады. Олардың ішінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Ал Түркия халқы президент сайлауының нәтижесін әр түрлі қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2022390-erdogannyn-qarsylasy-en-adiletsiz-sailau-procesin-bastan-otkerdik/

pixel