jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Песков "Вагнер" ЖӘК-мен қандай келісімдерге қол жеткізілгенін айтты

Дмитрий Песков
Дмитрий Песков. Фото: Sefa Karacan/Anadolu Agency/Getty Images

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Вагнер ЖӘК-ге қатысты жағдайға байланысты бірқатар мәлімдеме жасады. Ол тараптар қол жеткізген келісімдер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Путиннің баспасөз хатшысының айтуынша, осы іс-шараларға қатысқан "Вагнер" ЖӘК жауынгерлері қудаланбайды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Майдандағы еңбегін ескере отырып, оларды ешкім қудаламайды", – деді Песков.

Ол сондай-ақ "Вагнердің" әскерлері Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыра алады деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол Владимир Путиннің жақын арада жаңа үндеуі болмайтынын айтты.

Песковтың айтуынша, кеше таңертең Ресей мен Беларусь басшылары Минскіні бітімге келуге делдалдық жасау туралы келісті – бұл Александр Лукашенконың жеке бастамасы болған.

Қан төгіс пен ішкі текетіреске жол бермеу жоғары мақсат болды, бұл мақсаттардың жолында Лукашенконың күш-жігері болды, деді ол.

Песков "Вагнер" ЖӘК-мен қандай келісімдерге қол жеткізілгенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.