БАӘ-де зәулім ғимарат өртенді: өрт 36 қабатты шарпыды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Біріккен Араб Әмірліктерінің солтүстігіндегі Аджман қаласында биік, көпқабатты тұрғын үйдің барлық қабаты өртке оранған. Зәулім ғимараттың бір жағы түгел дерлік жанып кетті. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің хабарлауынша, өрт әйгілі Абрадж-Аджман кешенінде тұтанған.
Оқиға орнына Аджман Джасем әл-Марзукидің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы мен полиция операцияларына жауапты Аджман полициясының директоры, генерал Абдулла әл-Матрушидің келуі талап етілді, деп жазды басылым.
Агентіктің мәліметінше, өзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
РБК мәліметінше, 2016 жылы бұл ғимарат өртенген. Тілшілердің ақпараты бойынша "Абраж-Аджма" - 36 қабатты 12 ғимараттан тұратын, жалпы саны 3000 пәтер орналасқан кешен.
Еске салайық, бір апта бұрын Германияда ең үлкен ойын-сауық саябағы өртенген болатын. Оқиға кезінде 25 мыңға жуық саябаққа келушілер эвакуацияланды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер де зардап шеккен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026499-baa-de-zaulim-gimarat-ortendi-ort-36-qabatty-sarpydy-video/