Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатқындыққа жол жоқ": Мирзиеев сайлаудан кейін Өзбекстанның 10-нан астам шенеунігін қызметінен босатты

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев аудандар мен қалалардың 12 басшысын, ірі мемлекеттік компаниялардың басшылары мен шенеуніктерін отставкаға жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Басылым жазуынша, 11 шілдеде өткен кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі 12 қала және аудан басшыларын, бірқатар шенеунік пен ірі мемлекеттік компаниялардың басшыларын қызметінен босатқан.

Отставкаға кеткендердің қатарында:

  • автожол комитетінің төрағасы Абдурахмон Абдувалиев (ол 2019 жылдан бері осы қызметте, жалпы жол саласына 2001 жылдан бері жауапты);
  • "Өзбекстан темір йуллари" басшысы Хуснитдин Хосилов;
  • "Узсувтаъминот" басшысы Сахиб Саифназаров;
  • Су шаруашылығы министрінің орынбасары Бахтиер Камалов;
  • Көлік министрінің орынбасары Абдусамат Муминов бар.

Басылым мәліметінше, Мирзиеев олардың қызметінен босатылғанын хабарлай отырып: "Сатқындыққа жол жоқ" деген.

Сонымен қатар Өзбекстан президенті "Өзтекстильпром", "Жылу электр станциялары" және "Өзпромстройбанк" төрағаларына соңғы рет сөгіс жариялаған.

"Соңғы рет сөгіс. Соңғы рет ескерту. Егер үш айда өзгерістер болмаса, олар жауапқа тартылады және барлық алынбаған кіріс пен залал солардан алынады. Мен жұмыс істейтін, қателескен адамды кешіремін, бірақ сатқын адамды ешқашан кешірмеймін", — дейді Шавкат Мирзиеев.

Еске салайық, өткен аптада Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, онда қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев 87,05 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2028391-satqyndyqqa-oryn-zoq-mirzieev-sailaudan-keiin-ozbekstannyn-10-nan-astam-seneunigin-qyzmetinen-bosatty/

pixel