jitsu gif branding logo appbranding logo app

Өзбекстандағы президент сайлауы: алдын ала қорытынды бойынша Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: president.uz

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы жексенбі, 9 шілдеде өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Бұл туралы ресейлік "РИА Новости" агенттігі хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев дауыс берушілердің 87,05 пайыз даусын жинаған. Осылайша, ол алдын ала мәлімет бойынша жеңіске жетіп отыр.

Мирзиеевпен бірге тағы үш кандидат - Улугбек Иноятов, Робахон Махмудова и Абдушукур Хамзаев сайлауға түскен еді. Олардың қанша пайыз дауыс жинағаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлескен еді. Ол әңгімелесу барысында Мирзиёевті сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Өзбекстандағы президент сайлауы: алдын ала қорытынды бойынша Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.