Пәкістанда съезд кезінде жарылыс болып, 40-тан астам адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомПәкістанда жексенбі күні, 30 шілдеде "Жамиат Улема-и-Ислам" ("Ислам діні өкілдерінің жиыны") партиясының съезінде жарылыс болды. 40-тан астам адам көз жұмды. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, шабуылдан кемінде 44 адам қаза тапқан, тағы 100 адам ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендердің ішінде 17-сі ауыр жағдайда жатыр.
Басылым мәліметінше, теракт Ауғанстанмен шекараға жақын жерде орналасқан Хар қаласында болған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанкешті-террорист исламдық партияның съезіне жарылғыш зат әкеліп, оны партия өкілдері сөйлеп тұрған сахна маңында жарып жіберген.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған күні съезд жұмысына 500-ге жуық адам қатысқан.
Басылымда әзірге ешбір ұйымның шабуылды өз мойнына алмағаны атап өтілді.
Пәкістан премьер-министрінің кеңсесінде жарылысқа қатысты тергеу басталғаны туралы хабарланды.
Сондай-ақ CNN ақпаратынша, пәкістандық саяси партиялар биылғы жылдың соңында өтетін сайлау науқанына дайындықты бастаған.
Anadolu агенттігі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Пәкістандағы лаңкестік әрекеттер саны 79 пайызға артқанын жазады - алты айда ел ішінде 271 теракт орын алып, салдарынан 389 адам мерт болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2030629-pakistanda-sezind-kezinde-zarylys-bolyp-40-tan-astam-adam-qaza-tapty-video/