jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Суды көп ішкен": АҚШ-та шөлін қандырмақ болған әйел көп ұзамай көз жұмды

Су ішу
Су ішіп отырған әйел. Көрнекі фото: Daria Shevtsova / Pexels

АҚШ-та 35 жастағы әйел шөлін қандыра алмай көп су іше бергенінің кесірінен уланып, көз жұмды. Бұл туралы WRTV сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, 4 шілдеде екі баланың анасы, балабақша қызметкері Эшли Саммерс отбасымен Фриман көліне демалуға барған. Таңғы уақытта оның басы ауырып, қатты шөлдей бастайды. Шөлін қандырмақ болған Эшли 20 минут ішінде 500 миллилитрлік төрт бөтелке суды тауысып қояды.

Артынша үйіне оралып, гаражда есінен танған әйел сол қалпы есін жимаған. Ауруханаға жеткізілген Эшлиден дәрігерлер ми ісігін анықтаған. Оның дене жасушалары, соның ішінде ми жасушалары суға толып, қан айналымының тоқтауына әкелген.

Басылым мәліметінше, University Health Arnett ауруханасында оған көп су ішкендіктен және ағзадағы натрий деңгейінің жетіспеушілігінен туындаған судан улану деген диагноз қойылды. Эшли тез арада тым көп су ішкендіктен, көз жұмды.

Оның ағасы Девон Миллер бұл қайғылы оқиғаға сене алмайтынын айтты.

"Бәріміз де қатты күйзелдік. Ол жай ғана өзін шөлдеп тұрғандай сезінді... Олар кеме тоқтайтын жерге жеткенде, ол 20 минут ішінде төрт бөтелке суды тауысқан", - деді марқұмның ағасы.

Гипонатриемия - бұл судан улану ауруы. Ол дененің күрделі жүйелерін және оның ағзадағы, әсіресе бүйректегі сұйықтық деңгейін реттеу қабілетін бұзады. Ағза дене жасушасының дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін су мен натрий, калий және хлорид сияқты электролиттер арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысады. Натрий бүйрек пен ас қорыту жүйесінде қоректік заттардың сіңуінде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар жасушалар арасында электр импульстарының өзара таралуына септігін тигізеді.

"Суды көп ішкен": АҚШ-та шөлін қандырмақ болған әйел көп ұзамай көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.