jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Норвегияда дауылдан кейін үй өзенмен ағып кетті (видео)

Сумен аққан үй
Видеодан кадр: twitter.com/Met4CastUK

Норвегияда "Ганс" дауылы тұрып, салдарынан су тасқыны мен көшкін болды. Елдің бір аумағында куәгерлер өзенде ағып бара жатқан үйді видеоға түсіріп алған.

The Guardian басылымының жазуынша, Норвегияда Глома өзенінде дауыл мен тасқын салдарынан бөгет жарылған.

Өзендегі су деңгейі тағы да көтеріледі деп күтілуде. 800-ге жуық адам Браскерейдфоссты қамтитын Иннландет аймағынан эвакуацияланды. Қайтыс болғандар бар. Осло мен Тронхейм арасындағы негізгі жолдардың бәрі кеше жабылған.

Әлеуметтік желіде өзенмен ағып бара жатқан үйдің видеосы пайда болды. Ағыстың үйді көпірге қарай ағызып бара жатқаны байқалады. Бірақ су дейгейінің жоғары болуынан үй көпірдің астынан өте алмай, қирап қалғанын көруге болады.

Норвегияда дауылдан кейін үй өзенмен ағып кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.