Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таң қалған жоқпын": Байден Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Джо Байден крупным планом
Джо Байден. Фото: Drew Angerer/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін әуе апатына қатысты пікір білдіріп, қолында апат жайлы жеткілікті ақпарат жоқ екенін айтты. Бірақ ол таң қалмағанын атап өтті, деп хабарлайды Sky News басылымы.

Басылымның Ақ үйге сілтеме жасап жазуынша, Джо Байден "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін Ресейдегі әуе апаты туралы хабардар.

Басылым мәліметінше, қазір АҚШ президенті отбасымен демалыста.

Десе де, кейін Джо Байден журналистермен әңгімелесу барысында қолында қазіргі таңда Евгений Пригожинге қатысты жағдай бойынша жеткілікті ақпарат жоқ екенін айтқан.

"Естеріңізде болса, бұрын да маған бұл туралы сұрақ қойылған еді. Мен қандай көлік құралына мінсем де, абай болатынымды айтқан едім. Мен шын мәнісінде не болғанын білмеймін, бірақ таңғалған жоқпын", – дейді Джо Байден.

Ал басылымның келесі бір материалында Байден "Артында Путин тұрмайтын жағдайлар Ресейде аз" екенінін айтқаны жазылған.

Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған.

Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар.

Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2033732-tan-qalgan-zoqpyn-baiden-evgenii-prigozin-qaza-boluy-mumkin-usaq-apatyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel