Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Метеорит болуы мүмкін": Түркия тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болды

Опубликовано:

Түркия аспанында көрінген ерекше құбылыс
Түркия аспанында көрінген ерекше құбылыс. Видеодан кадр: t.me/turknws

Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірнеше қаланың тұрғындары кеше кешкісін аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болған. TRT Haber агенттігінің хабарлауынша, болжам бойынша жерге метеорит құлаған болуы мүмкін. Куәгерлер түсіріп алған видео әлеуметтік желілерде тарады.

Басылым жазуынша, аспандағы ерекше құбылысты Диярбакыр, Элязыг, Бингёль, Эрзурум және Тунджели қаласының тұрғындары байқаған.

Желіде тараған кадрлардан кенет қараңғы аспанда жасыл түсті жарқыл пайда болып, сосын қызғылт түске боялып, ағып түскенін көруге болады.

Желді тараған видеолардың бірі Диярбакыдағы үйлену тойы кезінде түсірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2035035-meteorit-boluy-mumkin-turkiya-turgyndary-erekse-qubylystyn-kuasi-boldy-video/

pixel