Қазақстан азаматы Түркияда өзімен бірге тұрған адамды өлтірді деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүркияда жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Марқұмның күдіктімен бірге тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Биылғы жылдың 31 тамызында Бурса қаласында Түркия азаматын өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ол Түркияда 2018 жылдан бері тұрып жатыр. Марқұм онымен бірге бір шаңырақта тұрған. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сұғып, салдарынан жергілікті тұрғын көз жұмды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысы Қаражал қаласының тұрғыны қалыңдығын өлтірді деген күдікке ілінген болатын.
Марқұмның туыстарының сөзінше, күйеу жігіт қалыңдығы отырған көлікті қуып, оны жол жиегіне қасақана ығыстырып, аударған. Қалыңдық оқиға орнында көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2035997-qazaqstan-azamaty-turkiyada-ozimen-birge-turgan-adamdy-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/