jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан азаматы Түркияда өзімен бірге тұрған адамды өлтірді деген күдікке ілінді

қолы кісендеулі әйел
Қолы кісендеулі әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркияда жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Марқұмның күдіктімен бірге тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Биылғы жылдың 31 тамызында Бурса қаласында Түркия азаматын өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ол Түркияда 2018 жылдан бері тұрып жатыр. Марқұм онымен бірге бір шаңырақта тұрған. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сұғып, салдарынан жергілікті тұрғын көз жұмды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысы Қаражал қаласының тұрғыны қалыңдығын өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

Марқұмның туыстарының сөзінше, күйеу жігіт қалыңдығы отырған көлікті қуып, оны жол жиегіне қасақана ығыстырып, аударған. Қалыңдық оқиға орнында көз жұмды.

Қазақстан азаматы Түркияда өзімен бірге тұрған адамды өлтірді деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.