Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстаннан Әмір Темір дәуіріне жататын ауылдың орны табылды (фото)

Опубликовано:

Археолог
Археолог. Көрнекі фото: getty/stock photo

Өзбестанның Қашқадария облысы Мүбәрәк ауданындағы Қожа Равшан ескерткіші маңынан Әмір Темір дәуіріне жататын ауылдың орны табылды. Бұл туралы UZA агенттігі хабарлады.

Өзбекстанның Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, Самарқанд археологиялық институтының қызметкерлері қазба жұмыстары кезінде ауылдан Әмір Темір дәуіріне жататын 4 бөлме тапқан.

"13-14 ғасырларда бұл ескерткіштің орнында Қаршыдан Бұхарға апаратын қалың керуен жолы орналасқан болған. Ауылдың ауданы бүгінде 30 гектарды құрайды", - деп жазылған агенттік мәліметінде.

Мамандардың айтуынша, сол кезде өмір сүрген ауыл тұрғындары соңғы шағатай дәуірінің соңы мен Әмір Темір тұсында мәдени жағынан біршама дамыған.

Агенттік мәліметінше, табылған заттардың ішінде тақтайшалар, сырланған қыш ыдыстар, металл ауылшаруашылық құралдары және басқа да сирек кездесетін заттар бар.

Басылымның жазуынша, зерттеушілер Әмір Темір тұсында қалаларда ғана емес, ауылдарда да даму деңгейі жоғары болды деген алдын ала қорытындыға келген.

Өзбекстаннан табылған ауыл қирандылары
Өзбекстаннан табылған ауыл қирандылары. Фото: uza.uz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2036100-ozbekstannan-amir-temir-dauirine-zatatyn-auyldyn-orny-tabyldy-foto/

pixel