jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

"Ұзындығы 2 метрден асады": Қытай билігі су тасқыны кезінде фермадан қашып кеткен қолтырауындарды іздеп жатыр

Қолтырауын
Қолтырауын. Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайда "Хайкуи" тайфуны салдарынан болған су тасқыны кезінде елдің оңтүстігіндегі жануарлар фермасынан ондаған қолтырауын қашып кеткен. Қазір оларды ұстау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BBC-дің Орыс қызметі.

Агенттіктің жазуынша, Маоминг қаласындағы (Гуандун провинциясы) көл арнасынан тасыған кезде 75 қолтырауын жағаға шығып кеткен.

Бұл қалада бірнеше қолтырауын фермасы орналасқан. Ол жерде бауырымен жорғалаушылар терісі және еті үшін өсіріледі.

Жергілікті билік қашып кеткен қолтырауынның кейбірін тірідей ұстаса, кейбірін "қауіпсіздік мақсатында" атып немесе электр тоғымен өлтірген.

Қытайдағы мемлекеттік БАҚ-тың мәліметінше, қолтырауындар қашып кеткен кезде ешкім зардап шекпеген. Алайда ресми тұлғалар кейбір қолтырауындар лық толған су қоймаларының түбінде жасырынуы мүмкін екенін айтады.

Сондықтан жергілікті билік жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында үйден шықпауын сұраған.

Басылым қазіргі таңда құтқарушылар қолтырауындарды іздеу үшін гидролокациялық жабдықтарды пайдаланып жатқанын атап өтті.

Қолтырауындарды ұстауға қатысқан өрт сөндірушілердің бірі қытайлық БАҚ-қа берген сұхбатында ауланған үлкен қолтырауындардың салмағы шамамен 75 келі, ұзындығы 2 метрден асатынын айтқан. Оның сөзінше, ұсталғандардың көбі атылған.

Айта кетейік, Гонконг, Тайвань, Жапония және Қытайдың кей аудандарында бір аптадан астам уақыттан бері "Хайкуй" тайфуны тұрғындарды әбігерге салуда.

Тайфун салдарынан Қытайда жеті адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Тайфун Қытайдың оңтүстігінде лай көшкіні мен су тасқынына да себеп болған.

"Ұзындығы 2 метрден асады": Қытай билігі су тасқыны кезінде фермадан қашып кеткен қолтырауындарды іздеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.