Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су жаңа iPhone 15: Apple ұсынған жаңа өнімдер топтамасы несімен ерекшеленеді

Опубликовано:

iPhone 15 Pro
iPhone 15 Pro. Скриншот: YouTube / Apple

Apple дәстүрлі түрде жаңа күзгі топтаманы – iPhone 15 телефонының төрт түрлі моделін және жаңартылған Apple Watch сағатын ұсынды. Бұл жаңа өнімдердің қандай артықшылықтары бар? Бұл сауалға жауапты Iphones.ru сарапшылары айтып берді.

Сейсенбі, 12 қыркүйекте америкалық Apple компаниясы компанияның Купертинодағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған шарада жаңа iPhone 15 үлгілерін, сондай-ақ Apple Watch-ты таныстырды.

1. Жаңа S9 процессоры бар Apple Watch Series 9

Apple Watch Series 9
Apple Watch Series 9. Скриншот: YouTube / Apple

Ең алдымен, Тим Кук Apple-дің жаңа сағаттарын таныстырды.

  • Негізгі жаңалық жаңа S9 процессоры болды, ол алдыңғысына қарағанда 50 пайызға қуатты. Бұл ретте өнімділіктің жоғарылауына дыбыстық көмекшіні жетілдіру әсер еткен.
  • Өндірушілер ғимарат ішіндегі орналасқан жерді дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін жаңа U2 чипін орнатты.
  • Сағаттың экраны өте айқын әрі жарық, яғни сағаттағы кескіндер тіпті күн түсіп тұрғанда да анық көрінеді.
  • Сағатты басқару бойынша жаңа қимыл қосылды – бас бармақ пен сұқ саусақпен екі рет шерту. Бұл қимылдар арқылы қоңырауларды қабылдауға және аяқтауға, дабылды өшіруге және музыканы ойнатуды басқаруға болады.
  • Сағат бес түсте шығарылады: қара, күміс, алтын, қызыл және қызғылт.
  • Apple Watch өндірісі енді тек күн энергиясын пайдаланады. Ал белдіктерді өндіруде тек экологиялық таза материалдар қолданылады.
iphones
Скриншот: : iphones.ru

АҚШ-тағы Apple iWatch 9 бағасы 399 доллардан басталады.

2. Apple Watch Ultra 2 елеулі өзгерістерсіз ұсынылды

Apple Watch Ultra 2. Фото: apple.com
Apple Watch Ultra 2. Фото: apple.com

Бұл моделдегі жарықтың айқындығы 3000 нитке дейін арттырылды, осылайша бұл сағат Apple Watch сағаттарының ішіндегі дисплейі ең айқын дисплей болып отыр.

  • Сағат зарядсыз 36 сағатқа дейін немесе қуатты үнемдеу режимінде 72 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Бұл сағат та Series 9 сияқты жаңа қимылдарды "түсінуге" қауқарлы.
iphones
Скриншот: iphones.ru

Apple iWatch ultra 2 бағасы АҚШ-та 799 доллардан басталады.

3. Динамикалық аралшасы бар және 48 МП камерасы бар iPhone 15 және iPhone 15 Plus

iPhone 15 и iPhone 15 Plus. Фото: apple.com
iPhone 15 и iPhone 15 Plus. Фото: apple.com
  • Смартфон iPhone 14 Pro желісі сияқты өткен жылғы Apple A16 Bionic процессорында жұмыс істейді.
  • iPhone 15 "монобраудың" орнына Pro желісінен динамикалық "аралға" ие болды.
  • Смартфон экранының жарықтығы 2000 нит, бұл iPhone 14-тен екі есе жоғары.
  • Смартфонда 48 мегапиксельді негізгі камера модулі бар.
  • Негізгі түсіру режимінде 24 мегапиксельді фотосуреттер сақталады, сонымен қатар смартфон 0,5x, 1x және 2x масштабтау режимдерін алды.
  • Смартфондар Apple U2 чипін алады.
  • iPhone 15 желісі бес түсте болады: қара, ақ, жасыл, сары және қызғылт.
  • Сондай-ақ iPhone-да Lightning орнына Type-C қосқышы қойылды. Сонымен қатар бірдей қосқышы бар жаңартылған AirPods Pro 2 гарнитурасы ұсынылған. Гарнитураны iPhone телефонынан зарядтауға болады (кабель арқылы).
Скриншот:
Скриншот: YouTube / Apple

АҚШ-тағы iPhone 15 бағасы негізгі модель үшін 799 доллардан және iPhone 15 plus моделі үшін 899 доллардан басталады.

iPhone 15 Pro и iPhone 15 Pro Max. Фото: apple.com
iPhone 15 Pro и iPhone 15 Pro Max. Фото: apple.com

4. Жаңа батырмасы және титан корпусы бар iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max

  • Жаңа модельдердің корпусы титаннан жасалған. Өндірушілердің айтуынша, дәл осындай материал NASA-ның Марстағы роверлерінде де қолданылады.
  • Смартфондар жаңа 3 нм Apple A17 Pro чипімен жұмыс істейтін болады. Оның 19 миллиард транзисторы, 6 ядросы бар және ол алдыңғы буын процессорынан шамамен 10 пайызға жылдамырақ. Ойын өнімділігі 20 пайызға артады деп күтілуде.
  • Бұл модельдердің процессорында видеоны кодтауға және Type-C арқылы деректерді беруді басқаруға арналған кірістірілген чиптер бар. Жаңа қосқыш арқылы деректерді беру жылдамдығы 10 Гбит/сек дейін болады.
  • Экранның айналасындағы жақтау жұқа етіліп жасалған және экран сызаттардан жақсы қорғалған.
YouTube
Скриншот: YouTube

Дыбыссыз режим қосқышының орнын көпфункционалды Action Button батырмасы алмастырды. Басқан кезде вибрация іске қосылады және әрекетті баптауларға кіріп, іске қосуға болады.

  • Өндірушілер бұл модельдердің камерасын жаңартты, енді ол сенсоры үлкейтілген, жақсартылған 48 мегапиксельді модуль.
  • iPhone 15 Pro Max-та бес есе оптикалық зум бар, ал iPhone 15 Pro моделінде үш есе үлкейтетін зум орнатылған.
  • 4K 60FPS ProRes видео түсіру мүмкіндігі бар.
  • iPhone 15 Pro телефонындағы камералар жұбы 3D форматындағы видеоны (арнайы бейне) түсіре алады, оны тек Vision Pro дулығасы арқылы көруге болады.
  • iPhone 15 Pro төрт түсті болады: қара, күміс, қою көк және алтын. Барлығында металл жарқылы бар.
Скриншот:
Скриншот: iphones.ru

iPhone 15 Pro бағасы АҚШ-та негізгі модель үшін 999 доллардан және 256 ГБ жады бар iPhone 15 ProMax үшін 1199 доллардан басталады.

Жаңа өнімдердің сатылымы 22 қыркүйекке жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2036373-su-zana-iphone-15-apple-usyngan-zana-onimder-toptamasy-nesimen-erekselenedi/

pixel