Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда iPhone 15 сатып алу үшін кезекке тұрған адамдар бір-бірін таптап кете жаздаған (видео)

Опубликовано:

Dubai Mall сауда орталығындағы адамдар
Dubai Mall сауда орталығындағы адамдар. Видеодан кадр: twitter.com/Mrahmadne

Әлеуметтік желіде Дубайдағы сауда орталықтарының бірінде адамдардың ұзын-сонар кезекте тұрған видеосы пайда болды. Олар iPhone 15 смартфонын сатып алу үшін бір күн бұрын кезекке тұрған. Салдарынан адамдар кептелісі туындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кей елдерде, оның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде iPhone 15 ресми түрде бүгін, 22 қыркүйек күні сатылымға шықты.

Алайда кеше Apple смартфондарының кейбір тұтынушылары көптен күткен смартфонды бірінші болып сатып алу үшін Dubai Mall сауда орталығындағы Apple дүкенінің алдына жинала бастаған.

Khaleej Times жергілікті басылымының жазуынша, жаңа iPhone 15 моделінің сатылымға шығуына бір күн қалғанда Apple дүкенінің алдына жүздеген адам кезекке тұра бастаған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше метрге созылған кезекті көруге болады.

Сондай-ақ кейбір видеодан адамдардың бірін-бірі итеріп, кедергіден өтіп кетуге тырысып жатқанын, ал тағы бір топ адамның оларды дүкенге қарай жібермеуге тырысып жатқанын байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Apple дәстүрлі түрде жаңа күзгі топтаманы – iPhone 15 телефонының төрт түрлі моделін және жаңартылған Apple Watch сағатын таныстырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2037730-dubaida-iphone-15-satyp-alu-usin-kezekke-turgan-adamdar-bir-birin-taptap-kete-zazdagan-video/

pixel