jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Түркия астанасының орталығында жарылыс болды (видео, фото)

Жарылыс болған аймақ
Жарылыс болған аймақ. Фото: t.me/russian_turkiye

Бүгін Анкара орталығындағы Түркия Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды. Оқиға орнына президенттің күзет қызметінің қызметшілері келіп жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Анкараның орталығындағы Кызылай ауданында жарылыс естілді. Жарылыс Ішкі істер министрлігі ғимаратына жақын жерде болған деген болжам бар. Сол маңда қозғалысты шектеу мақсатында көлік жолдары жабылды. Президенттің күзет қызметі келіп жетті", - деп хабарлайды агенттік CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая жарылыстың лаңкестік әрекетке байланысты екенін айтты.

"09:30-да (Астана уақытымен 12:30) ІІМ Бас күзеті басқармасының кіреберісіндегі қақпаның алдында жеңіл көлік жүргізіп келе жатқан екі лаңкес жарылыс ұйымдастырды, лаңкестердің бірі өзін жарып жіберген, екіншісі жойылды", - деді ол.

Оның айтуынша, атыс кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Түркия астанасының шалғай жатқан аудандарында да естілген. Тұрғындардың басым бөлігі не болғанын білу үшін балкондарынан шыққан.

БАҚ: Түркия астанасының орталығында жарылыс болды (видео, фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.